Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары

Қазақстанда білім беруге жұмсалатан мемлекеттік шығын 1,3 трлн теңгеге немесе жылдық ІЖӨ 4,2% жетті

Қазақстанда білім беруге жұмсалатын мемлекеттік қаржыландыру 1,3 трлн теңгеге немесе жылдық ІЖӨ 4,2% жетті, деп хабарлады Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің Ресми өкілі Алтай Әбибуллаевтың кезекті брифингі кезінде.
Казахстан28 Қаңтар , 00:00

«Мемлекеттік бағдарлама қабылданғаннан бері, яғни 2,5 жыл ішінде  білім беруге жұмсалатан мемлекеттік қаржыландыру 1,3 трлн теңгеге немесе жылдық ІЖӨ  4,2% жетті», - деді Б.Жұмағулов.

Министрдің сөзіне қарағанда, бұл тіпті де жаман көрсеткіш емес, өйткені  ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 5-6% құрайды.

«2012 жылғы бюджеттік қаржыны игеру бөлінген қаржының 99,8% құрады, бұл біздің ведомство жұмыс істеп келе жатқан уақыт ішіндегі ең жақсы көрсеткіш», - деп қосты ҚР БҒМ басшысы.




Яндекс.Метрика