Қазақстанның Тәуелсіздігі

Б.Майлыбаев: Елдің әлеуметтік саласын дамыту дамыған елдердің қатарына енуге септігін тигізеді

Елдің әлеуметтік саласын дамыту Қазақстанның дамыған елдердің қатарына енуіне әсер етеді. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Б.Майлыбаев Астанадағы «Қазақстан Республикасы: Тәуелсіздікке 25 жыл. Нәтижелер мен перспективалар» атты саясаттанушылардың xалықаралық форумы барысында.
Нұр-Сұлтан20 Қазан , 12:33

«Біздің ел үшін мақтануға тұрарлық факторлардың бірі - елорда, күн сайын өсіп келе жатқан жаңа қала ел өңірлері мен шет елдерден қонақтарды қабылдап отыр. Бүгінде ел ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындалып жатыр. Оңтайлы нәтижелер әрбір облыста байқалып отыр», - деді Б.Майлыбаев.

Сондай-ақ, ол әлеуметтік саладағы түбегейлі өзгерістер туралы айтып өтті.

«Тәуелсіздіктің 25 жылында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру саласында бірқатар өзгерістер орын алды. Білім берудің сапасын арттырған қозғаушы күш «Болашақ» бағдарламасы, Назарбаев университеті мен елдегі зияткерлік мектептердің ашылуы  болды. Соңғы  15 жылда елде  мыңдаған аурухана мен  100 мектеп, 4 мың балабақша ашылды», - деді ол.

Сарапшы айтып өткендей, Елбасының «Жалпыға бірдей еңбе қоғамы» идеясы Қазақстанның әлеуметтік дамуының негізіне айналды, ол  дамыған елдердің қатарына енуге септігін тигізеді», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика