Қазақстанның Тәуелсіздігі

Б.Майлыбаев: Қазақстан 25 жылда жаңа ұлттық экономиканы құрды (ФОТО)

Қазақстан Президенттің төрағалығымен жаңа ұлттық экономиканы құрды, деді ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Бағлан Майлыбаев.
Нұр-Сұлтан 20 Қазан, 11:12

«Ширек ғасырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан жетістікке жетер жолда ауыр жол кешіп өтті. Қазақстан халықты  бірыңғай платформада біріктіретін  дұрыс жолды тапты. Бұл - бірлік, тұрақтылық. Президент атап өткендей, «Қазақстан-2050» Стратегиясы  жолында бұл басты бағыт. Президенттің саясаты  барлығына түсінікті әрі негізгі адамзаттық сұранысқа жауап береді: отбасындағы жайлылық, балалардың білімі мен денсаулық, баспана, қауіпсіздік пен перспектива», - деді Б.Майлыбаев  саясаттанушылар мен әлеуметтанушылардың форумында.

Ол айтып өткендей, Қазақстан Президенттің төрағалығымен жаһандық сауда-экономикалық байланыстың бөлігі ретінде жаңа ұлттық экономиканы құрды.

«Қазақстанда  үш жаһандық экономикалық дағдарысқа қарамастан экономикалық өсім екі онжылдық бойы жалғасып келеді. Біздің ел барлығын басынан бастап, осы жылдар ішінде миллиардтаған инвестицияны елге тарта білді. Бұл біздің елге деген әлемнің сенімін арттырады», - деді Б.Майлыбаев.

Ботагөз Айтжанова 

Сурет: Азамат Әлиев 





Яндекс.Метрика