Ана мен баланы қорғау

Декреттік демалыстағы әйелдердің зейнетақы төлемдерін субсидиялауға 30,6 млрд теңге қарастырылған – ЕХӘҚМ

«Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ҚР Үкіметінің қарауында жатыр, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан05 Желтоксан , 17:23

«Заң жобасы бойынша, зейнетақылық заңнаманы жетілдіру жолымен 2014 жылдан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 1 жылға дейінгі бала күтімінде отырып әлеуметтік төлем алатын жұмыс істейтін әйелдердің міндетті зейнетақы төлемін субсидиялау қарастырылуда», - делінген хабарламада.

Осыған орай, заң жобасын іске асыру үшін 2014-2016 жылдарға арналған Республикалық бюджеттен жұмыс істейтін әйелдерге қосымша міндетті зейнетақы төлемдерін субсидиялауға 30,6 млрд теңге қарастырылған.

Хабарламада айтылғандай, аталмыш заң нормасын іске асыру мақсатында субсидиялау тәртібін реттейтін нормативтік- құқықтық акт дайындалмақ.

 




Яндекс.Метрика