Барлық этностар азаматтарының тең құқықтылығы

Мемлекет басшысының Жолдауы – ел дамуының үйлестірілген бағдарламасы – сарапшы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – бұл әрбір бағыты маңызды және ауқымды болып табылатын Қазақстанның болашақ дамуының үйлестірілген бағдарламасы, деп мәлімдеді БҚО мәслихатының депутаты, «Татар мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Ришат Хайруллин.
Батыс Қазақстан18 Желтоксан , 00:00

«Бүгінгі Жолдау мемлекеттің 2050 жылға дейін бет түзейтін жаңа саяси бағдары болып табылады. Бағдарламалық құжат елдің бүгінгі жағдайының анық, нақты талдауынан тұрады. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы мемлекеттің тұтас Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған, сонымен қатар біздің қоғамдағы сұраныстың айқын көрінісі болып табылатын саяси бағыттың баянды екенін тағы бір рет растады», - деп есептейді Р.Хайруллин. 

«Ел Президенті өз Жолдауында қазақстандықтар біртұтас, кемел және күшті халық екенін атап өтті. Дегенмен біз өмір сүріп отырған қоғам қауіп-қатерге толы. Біздің міндетіміз – экономикамызды сол сынаққа дайындау, оны әртараптандыруды жалғастыру», -деп толықтырды ол.




Яндекс.Метрика