Өңірлер

«ҚазАгро» ауыл шаруашылығы өнімін экспорттауды ұлғайту бойынша жобаларды қаржыландыруды нығайтады

«ҚазАгро» ауыл шаруашылығы өнімін экспорттауды ұлғайту бойынша жобаларды қаржыландыруды нығайтады. Бұл туралы бүгінгі брифинг барысында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айгүл Мұхамадиева айтты.
Нұр-Сұлтан17 Қазан , 13:12

Бірінші бағыт бойынша өнімді жұмыспен қамтуды жоғарылатуға және тұрғындардың табысын арттыруға көмек беру мақсатында қазірдің өзінде  сүт қабылдау пункттерінің желісін құруға және отбасылық сүт фермаларын қолдауға;  отбасылық бордақылау алаңдарын құруға және оның базасында ауылшаруашылық кооперативтерін ұйымдастыруға;  ауылшаруашылық кооперативтерін құруға және жеміс-көкөніс өсіру бойынша жеке қосалқы шаруашылық (ЖҚШ) құруға арналған жобаларды қаржыландыру бойынша жұмыстар атқарылуда.

«ҚазАгро» холдингі жұмыспен қамтудың жол картасы-2020 шеңберінде шағын несиелеуге алынған қаражат есебінен, және Холдингтің меншікті қаражаты есебінен жобаларды қаржыландыру бойынша жұмысты бастап кеттік.

Қазір, республикалық бюджеттің қаражатын пайдаланып,  Холдинг қаржыландыруға 10,5 млрд.теңге қаражатты қосымша бағыттауды жоспарлайды.  

«Жобаларды қаржыландыру жылдық 6%-дан аспайтын жеңілдікті мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылады және 9 000-нан астам жұмыс орны құрылады.  Ет, сүт, жеміс пен көкөністің өндірісі бойынша 192 мың жеке қосалқы шаруашылықты бейресми айналымнан шығаруға мүмкіндік береді, сүт зауыттары мен ет комбинатының өндірістік қуаттарын арттырады, салық төлемінің түсімін ұлғайтады» -деді Айгүл Мұхамадиева.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика