Ауыл әкімдерін сайлау

«Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген барлық межені бағындырамыз-«Нұр Отан» ШҚОФ партиялық бақылау комиссиясы төрайымы Майраш Екібасова

Бұған дейінгі «Қазақстан-2030» стратегиясының басты бөлігі орындалғандықтан, бүгінгі күннің талаптарына сай келетін 2050 Стратегиясы дайындалды. Қазір оған сын айтушылар аз деп ойлаймын, еліміз бұл құжатта айқындалған барлық белестерді бағындырады. Бұл туралы ШҚОФ партиялық бақылау комиссиясы төрайымы Майраш Екібасова хабарлады.
Шығыс Қазақстан18 Желтоксан , 00:00

«Бұл қазіргі таңда дәстүрге айналған. Жұртшылық Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауын асыға күтеді. Жолдауды тыңдап немесе оқыған соң көптеген мәселелерді көкейімізге түсеміз. Бұл жолғы Жолдауда мен орталық пен аймақтардың жауапкершілігі мен өкілеттілігінің жіктелуіне баса назар аудардым. Нақтырақ айтсақ, келесі 2013 жылдан бастап ауылдық елді мекендерде 2533 әкім және аудандық деңгейдегі 50 әкім сайлауға түседі. Бұл барлық деңгейдегі әкімдердің 91,7%-на тең. Бұл елімізде биліктің барлық саласында одан әрі демократияландырудағы нақты қадам. Осының нәтижесінде азаматтармен тікелей жұмыс жасайтын және жергілікті аумақтардың мәселесін шешетін барлық әкімдердің қамтылатынына сенімдімін. Бұл өте маңызды. Халық әкімді өздері сайлағандықтан, шенеуніктер жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың шешімін табуына мүдделі болады. Өйткені сайлау кампаниясы кезінде олар өздері сайлауға түсетін аймақтың күрмеулі мәселелеріне көз жеткізеді», деді М.Екібасова.


«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауындағы көңілімнен шығатын тұсы оның жүйелілігі. 1997 жылғы Жолдаудағы 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарды сол кезде күдікпен, күманмен қарағанымызбен, онда көрсетілген міндеттердің басым бөлігін мерзімінен бұрын орындадық», деп қорытындылады М.Екібасова.




Яндекс.Метрика