Білім беру әдістемелерін жаңғырту

Астана мен Алматы жоғарғы оқу орындарының студенттері ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тетігін зерттейді

Астана мен Алматы жоғарғы оқу орындарының студенттері ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тетігін зерттейді, деп Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан05 Желтоксан , 12:26

«Тиісті меморандумға ХҚКО РМК мен «Туран-Астана» университеті және Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ Экономикалық колледжі қол қойды. 2014 жылдан бастап Т.Рысқұлов атындағы Казақ экономикалық университетінің негізінде сабақ өткізу жоспарланған», - делінген хабарламада.

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің төрағасы Бағдат Мусин белгілегендей «ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету негіздері» пәні студенттермен «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында тәжірибелік білім алуды ұйғарады.

Айтылған пән бойынша оқу-әдістемелік кешен әзірленген, және «Әлеуметтік қызмет көрсету», «Менеджмент», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Құқықтану» факультеттерінің студенттеріне ХҚКО РМК ғылыми дәрежесі және халыққа қызмет көрсету орталықтары жүйесінде жұмыс тәжірибелігі бар қызметкерлерімен оқытылады. Теориялық сабақтардан басқа Алматы қаласындағы «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» РМК аудандық бөлімшелерінде студенттерге өндірістік тәжірибені өту ұйымдастырылған.

Жоғарғы оқу орындарымен әрекеттесу тетігін және сабақ беру әдістерін өтегеннен кейін алынған тәжірибені басқа да оқу орындарда қолдану жоспарланып отыр. Элективті пәнді сынағаннан кейін ҚР Білім және ғылым министрлігіне «Мемлекеттік қызметтер» жаңа мамандығын ашу және оны «ҚР жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі мамандықтар классификаторына» енгізу ұсынылады.

 

 




Яндекс.Метрика