Жаңа қазақстандық патриотизм

Астана республиканың түрлі өңірлерінен келген жастардың басын қосты – ҚЖК

Астана Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген жастардың басын құрады, деп санайды «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ-ның (ҚЖК) атқарушы директоры Роллан Құспан.
Нұр-Сұлтан14 Тамыз , 00:00

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Астана – Қазақстанның ұлы дәуірі және стратегиялық бағыты» атты құттықтау мақаласында экономиканың тұрақты дамуы және Қазақстан азаматтарының әл-ауқатының өсуі атап өтілді. Бізлдің еліміз бүгінде әлемдік саяси аренада құрметті орынға ие екенін атап өту керек», – деді Р.Құспан.

«Осы арман қалада менің де студенттік өмірім өтті. Мен Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жоғары білім алдым. Дәл осы жерде мен жастар саясатымен айналысуға бел шештім. Әлеуметтік маңызы бар шараларға қатыса отырып, біздің әрқайсысымыз жаңа елорданың құрылысына өзіндік үлес қосып жатқанын сезінді», – деді ҚЖК атқарушы директоры.

Оның айтуынша, Қазақстан жастар Конгресін Астанамен салыстыруға болады. Республикалық ірі ұйымдардың бірі Астпна секілді Мемлекет басшысының бастамасымен пайда болды және мұнда да Қазақстанның түрлі өңірінен келген белсенді жастар жұмыс істейді.

«Бүгінде Астанада жүзеге асырылып жатқан инновациялық-мәдени жобалардың көмегімен біздің елордамыз әлемдегі ең «ақылды» қалалардың бірі болады деп сеніммен айта аламыз», – деді ол.  




Яндекс.Метрика