Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

Үкімет басшысы медицина саласы мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды

Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Денсаулық сақтау министріне медицина саласы мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Казахстан19 Наурыз , 00:00

«Толықтай алғанда, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында барынша жеткілікті, мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Әрине, ерекше назар аударуды қажет ететін мәселелер де бар», - деді үкімет басшысы.

Осы ретте С.Ахметов  амбулаториялық-емханалық көмекті қаржыландыруды барлық өңірлерде теңестіру қажеттігіне тоқталды. «Бірыңғай денсаулық сақтау жүйесі оған мүмкіндік береді. Жағдай барынша сапалы болған сайын сіздер соншалықты мол қаржы алатын боласыздар», - деп атап өткен Премьер-Министр оны жүзеге асыру үшін Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық әкімдіктер қажетті шаралар қабылдауы қажетігін баса айтты.

«Емдеу сапасының сын көтермейтіндігіне шағымдардың көп екендігі барлығына белгілі. Сондықтан да біздің мамандардың кәсібилігін арттыру бойынша жұмыстарды күшейту қажет», - деді ол.




Яндекс.Метрика