Медициналық білім беру жүйесін жақсарту

Астанада медицина саласындағы ғалымдарға 1 млн теңге көлемiнде грант табыс етiлдi

Santo Member of Polpharma Group-тың Ғылыми қоры медицина мен фармация саласында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргiзгені үшiн Астана Медициналық университетiнiң екi ғалымына 1 млн теңге көлемiнде грант табыс еттi.
Нұр-Сұлтан04 Желтоксан , 17:04

«Академиялық бағдарлама» Астана Медициналық университетiнiң келешегiнен үлкен үмiт күттiретiн ғалымдарына қолдау көрсету мақсатында Santo Member of Polpharma Group құрған және ағымдағы жылдың мамыр айында Астана экономикалық форумында аталған оқу орнымен қол қойылған Меморандум аясында жүзеге асырылуда. 

«Аталған бағдарлама мемлекет пен жеке меншiктiң денсаулық сақтау саласындағы серiктестiгiнiң нақты дәлелi болып табылады. Ол бiрiншi кезекте Қазақстан азаматтарының өмiр сүру сапасы мен оларға көрсетiлетiн медициналық қызметтi жақсартуға бағытталған. Бiз отандық ғалымдардың зерттеу әлеуетiн дамытуға алдағы уақытта да өз үлесімiздi қосуға ниеттiмiз», - дедi Santo Member of Polpharma Group-тың бас директоры Шахин Арслан. 

Құрамына Қазақстанның белгiлi профессорлары мен ғалымдары кiрген комиссия грант лауреаттарын бағалады. Бақылау кеңесiне Петр Милднер басшылық еттi және оның құрамына «Польфарма» Ғылыми қорының басшысы Боженна Платос, SMPG бас директоры Шахин Арслан және SMPG медициналық департаментiнiң жетекшiсi Ярослав Будач кiрдi. 

Грант табыс етiлетiн зерттеу жұмыстары тәжiрибелiк сұраныс, Қазақстандағы сұраныс және Қазақстанда жүзеге асыру мүмкiндiгi критерийлерi бойынша iрiктелдi.




Яндекс.Метрика