Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу

Германияның саясаткерлері мен сарапшылары «АТОМ» жобасын қолдайды

Германияның саясаткерлері мен сарапшылары жаһандық ядролық қарусыздану саласындағы Қазақстанның іс-әрекеттерін қолдайды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Астана қаласы04 Желтоксан , 17:15

«Ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің бастамасы бойынша Конрад Аденауэр атындағы Академия Қоры ғимаратында «Ядролық қаруға қарсы кең көлемді іс-қимылдағы Қазақстанның рөлі» тақырыбында конференция және Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ зардаптары туралы фотокөрме өтті»,-делінген хабарламада. 

Конрад Аденауэр атындағы қормен бірлесіп өткізілген шараға германдық Бундестаг депутаттары, ГФР құзыретті министрліктері пен ведомстволарының, неміс қоғамдық-саяси және ғылыми топтарының, Үкіметтік емес ұйымдарының, БАҚ өкілдері қатысты. 

Қазақстандық делегация құрамында Елші Н.Онжанов, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Роман Василенко және неміс жұртшылығының назарына өзінің картиналарын ұсынған АТОМ жобасының Құрметті Елшісі, қазақстандық суретші Кәріпбек Күйіков болды.

Конференция барысында Мемлекет басшысының АТОМ халықаралық бастамасын және Қазақстанның бәрін тегіс қамтитын ядролық қарусыздану мен таратпау бойынша іс-әрекеттері Германияның қоғамдық-саяси топтары мен ядролық сынаққа қарсы ұжымдары арасында кең қолдауға ие болды.

Конференция ашылу алдында қатысушыларға АТОМ жобасы туралы бейнефильм көрсетіліп, Кеңес Одағынан қалған ядролық мұра туралы, Қазақстан аумағында ауыр ядролық сынақтан зардап шеккен бір жарым миллион тұрғындарының тағдыры мен денсаулығы туралы айтылды.

Конрад Аденауэр атындағы Қордың еуропалық және халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі директоры Франк Прис өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанның дүние жүзілік ядролық қарусыздану ісіндегі рөліне жоғары баға берді, сонымен қатар АТОМ жобасының халықаралық күн тәртібіндегі өзектілігін және тәжірибелік бағытын атап өтті. Неміс саясаткері «Атом» секілді маңызды жобаларды іске асырып жатқан Қазақстанның халықаралық бастамасына баса назар аударды.

Қазақстан Елшісі Н.Онжанов өз кезегінде Президент Н.Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы батыл шешімінің тарихи мәні және әлемдік маңыздылығына, Қазақстанның әлемдегі мөлшері жағынан төртінші ядролық арсеналдан бас тартқанына атап өтті. Елшінің сөзі бойынша аталмыш шешім халықаралық саясатта теңдесі жоқ белгілі жағдай болды. Өзінің сөзінде қазақстандық дипломат Қазақстандағы ядролық сынақтың гуманитарлық, халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайына, қоршаған ортаға тигізген әсеріне тоқталды.

АТОМ жобасына қатысушылар алдында презентациялауға ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Р.Василенко шығып, аталмыш бастамаға кең халықаралық қолдаудың жүйелі өсу туралы айтты. Оның пікіріне сүйенсек, дүние жүзіндегі 100-ден аса елдің тұрғындары әлемдік көшбасшыларға ядролық сынаққа мәңгі тыйым салуға арналған Келісімнің күшіне енуі үшін Жобаның онлайн-петициясына қол қойған.

 




Яндекс.Метрика