Басқару

Г.Әбдіқалықова: Бірліктің, ынтымақтың және рухымыздың беріктігінің арқасында экономикалық дамуға, азаматтық келісімге қол жеткіздік

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Қазақстан-Әзербайжан» достық қоғамы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап ұйымдастырған іс-шараға қатысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде30 Қыркүйек , 18:57

Іс-шараға бизнес өкілдері мен отандастар қатысты. Мемлекеттік хатшы ширек ғасыр ішінде Қазақстан елеулі жетістіктерге қол жеткізгенін айтты. Түрлі салаларда түбегейлі реформалар жүргізілді.

Г.Әбдіқалықова «Бірліктің, ынтымақтың және рухымыздың беріктігінің арқасында экономикалық дамуға, азаматтық келісімге қол жеткіздік деп» атап өтті. Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Бес институционалдық реформада айқындалған мемлекет құрудың жаңа сапалы кезеңіне көшті. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы ұлт жоспарының негізгі бағдарына айналды.

Іс-шара барысында Г.Әбдіқалықова Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктеріне тоқталып, еліміздің халықаралық деңгейде мойындалған бастамалары жөнінде жан-жақты айтып өтті. Мемлекеттік хатшы кездесуге қатысушылардың назарын биыл Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитте Қазақстан Президенті жария еткен «Әлем. XXI ғасыр» манифесіне аударды. «Бұл – Қазақстанның бейбітшілік пен жасампаздықтың жақтаушысы екендігінің жарқын дәлелі ретінде бүгінгі жағдайға шынайы баға беретін, бүкіл адамзатқа арналған ашық үндеу», – деді Мемлекеттік хатшы.

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы Әзербайжан Республикасының Премьер-министрі Артур Таир оглы Расизадемен кездесті. Қазақстан-Әзербайжан қарым-қатынастарының, оның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар өзара тиімді әріптестікті дамытудың айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті.

V Баку халықаралық гуманитарлық форумының соңында Г.Әбдіқалықова Әзербайжан Республикасының Отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрайымы Иджран Гусейновамен кездесті. Мемлекеттік хатшы Гендерлік теңдік стратегиясының іске асырылуы биыл аяқталатынын атап өтіп, Қазақстан Республикасында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2030 жылға дейінгі гендерлік және отбасылық саясат жөніндегі тұжырымдама әзірленіп жатқанын жеткізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика