Басқару

Қазақстан мен Иордания басшылары өзара сапармен бару тәжірибесін қалыптастыру жөнінде уағдаласты

Мемлекет басшысы Иордания королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 18:46

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Иордания монархын елдегі парламент сайлауының табысты өтуімен және үкіметтің жаңа құрамының жасақталуымен құттықтады.

Екі ел көшбасшылары Қазақстан-Иордания серіктестігінің басымдығы бар бағыттарын талқылады, сондай-ақ өзара сапармен бару тәжірибесін қалыптастыру жөнінде уағдаласты.

 




Яндекс.Метрика