Инвестициялар

«Дипломмен ауылға» жобасының қатысушыларына 2017 жылы 11 млрд бюджеттік қаражат бағытталады

«Дипломмен ауылға» жобасының қатысушыларына 2017 жылы 11 млрд бюджеттік қаражат бағытталады, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Экономиканың инфрақұрылымдарын дамыту департаментінің директоры Ұлан Жазылбек.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 17:56

Ұ.Жазылбектің мәліметіне сәйкес, Жобаны іске асыру бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беріп отыр, әсірсе өткен жылдармен салыстырғанда ауылдық жерлерге кадрлар келуінің артқандығы байқалуда.«Жобаны іске асырған сәттен бастап ауылдық жерлерге жалпы сомасы 9,3 млрд. теңге көтерме жәрдемақы алған 46 631 мың маман тартылса, 19 263 маманға тұрғын үй сатып алу үшін жалпы сомасы 43,6 млрд. теңге бюджеттік кредит берілген»,- деп атап өтті департамент директоры.  

Жалпы келуші мамандар саны салалар үлесінде төмендегідей: білім беруге 33 400 адам, денсаулық сақтау – 9 813 адам, мәдениет – 1 289 адам, спорт – 616 адам, әлеуметтік қамсыздандыру – 403 және агроөнеркәсіптік кешеніне – 1 110 адам тартылған.

Ағымдағы жылы Жоба шеңберінде 5 850 маманды ауылға тарту үшін көтерме жәрдемақы ұсынуға 2,1 млрд. теңге және 2 725 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 8,6 млрд. теңге бюджеттік кредит ұсыну қарастырылған.  2017 жылы 3 232 маманға тұрғын үй сатып алуға 11,0 млрд. теңге жоспарланған.

«Жобаны іске асыру ауылға әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешені мамандарын бекіту мәселесін шешуге оң әсер етеді. Жалпы ауыл халқының денсаулығын нығайту, сауаттылғы мен мәдениетінің деңгейін көтеру, сондай-ақ, қала және ауыл арасындағы үйлеспеушілікті теңестіруді қарастыратын ауылдағы қызмет көрсету сапасын жақсартады, кадр әлеуетін арттырады және мультипликативті тиімділікті қамтамасыз етеді» -деді Ұ.Жазылбек.

Департамент директоры атап өткендей, жобаның тиімді шарттарына қарамастан, оны жүзеге асыру барысында проблемалық сұрақтар бар. Кейбір мамандардың үш жылдан кем емес уақыт жұмыс жасау міндеттемесін орындамау жағдайлары кездеседі, осыған орай маман өзіне ұсынылған әлеуметтік қолдау шараларын толық көлемде қайтару міндетті. Отбасылық жағдайының өзгеруі, жұмыс орнынан шығып қалу, басқа елді мекенге қоныс аудару мамандардың міндеттемелерді орындамаудың негізгі себептері болып табылады.




Яндекс.Метрика