Халықаралық интеграция

Австриялық Клагенфурт қаласында Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды (ФОТО)

Австриялық Клагенфурт қаласында Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды. Оның қызметі Каринтия федералды аймағына таратылады.
Әлемде 30 Қыркүйек, 20:08

Қазақстанның Автриядағы елшісі Қайрат Сарыбай  Жаңа құрметті консул Петер Зандриссерке  консулдық пакет тапсырып, Қазақстан-Австрия ынтымақтастығы жолында табыс тіледі, деп хабарлады СІМ.

Қазақстандық дипломат Оңтүстік Қазақстан облысы мен Каринтия арасындағы серіктестіктің перспективаларын атап өтті.

Австрия Парламентінің депутаты,  «Австрия-Орталық Азия» парламенттік тобының басшысы,  ЕЫҚҰ Парламенттік ассамблеяның төрағасы Кристин Муттонен  ҚР Құрметті консулдығының ашылу маңыздылығын атап өтті.

Каринтия үкіметінің басшысы П.Кайзер Клагенфуртте Қазақстан өкілдігінің мекемесін қолдап, ОҚО-мен ынтымақтастық жасауға мүдделі екендерін жеткізді. 





Яндекс.Метрика