Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Н.Ерімбетов: «Самұрық-Қазына» кәсіпорындарында 1 мың медиатор дайындалды

Соңғы 4 жылда «Самұрық-Қазына» кәсіпорындарында 1 мың медиатор дайындалды, деп шиеленістерді алдын алу және шешу жөніндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының Медиация орталығының кеңейтілген кездесуі барысында «Самұрық-Қазына» ҰАҚ» АҚ жанындағы «Әлеуметтік серіктестік орталығы» қамқоршылар корпоративтік қоры басқармасының төрағасы Нұрлан Ерімбетов мәлім етті.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 17:09

«Соңғы төрт жылда медиациямен белсенді айналыстық, соңғы 4 жыл ішінде «Самұрық-Қазына» кәсіпорындарында 1 мың медиаторларды дайындадық»,-деді ол.
Сонымен қатар, Н.Ерімбетов медиация бойынша бірыңғай сақтандыру орталығын құру туралы ұсынысын білдірді. 

«Менің ойымша, медиаторларды институттарда дайындаудың қажеті жоқ, оған бірден кірісейік. Медиация – бұл диплом емес. Медиация- бұл адамның жаны, оның тарихы. Сол себепті ондай адамдарды дайындау үшін адамгершілік тәсіл болуы тиіс. Медиаторларды заңгерлер немесе экономистер секілді дайындаудың қажеті жоқ»,-деді ол.

Сонымен қатар, Н.Ерімбетов сөз барысында өңірлік медиаторларды дайындау керектігін жеткізді.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика