Ұлт жоспары 100 нақты қадам

2016 жылы ҚХА медиаторлары 9 мыңға жуық дауды шешті (ФОТО)

2016 жылы ҚХА медиаторлары 9 мыңға жуық дауды шешті, деді ҚХА Хатшылығының меңгерушісі – төрағаның орынбасары Ералы Тоғжанов ҚХА медиация орталығының дауларды шешуге арналған отырысында.
Астана қаласы 30 Қыркүйек, 16:43

«Елде медиацияны дамытуды үлестіру мақсатында ҚХА қоғамдық медиаторлардың институтын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуде. ҚХА қоғамдық медиаторларының реестріне  1920 авторитарлы бітімгер азамат қосылды. Биыл ҚХА медиаторлары 8876 дауды шешті», - деді ол.

Е.Тоғжанов айтып өткендей, қоғамдық медиаторлардың институтын дамыту үшін жалпы республикалық  инклюзивтік медиация жүйесі құрылды. Оған ҚХА қоғамдық келісім кеңестері кіреді, олардың саны 1993 құрайды,  823 ҚХА аналар кеңесі,  ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесі,  16 ҚХА өңірлік ғылыми-сарапшылар тобы және Достық үйлеріндегі 17 медиация кабинеттері енеді.

«ҚХА  инклюзивтік  медиация жүйесі  тұрмыстық- әлеуметтік даулардың бастапқы кезеңінде ескертеді», - деді ол.

Айта кетейік, ҚХА кәсіби реестрі  967 адамнан тұрады.

«Біздің алдымызда  медиация институтын  дамыту бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың жұмысын  ұйымдастыру мақсаты тұр», - деді Е.Тоғжанов.

Индира Кауметова

Сурет: Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика