Адами капитал

Қазақстанда қарт азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге 7 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды

Қазақстанда қарт азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге 7 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Қарттарға мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау көрсету шаралары туралы» атты брифингте ҚР ДСӘДМ Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Арман Өмірбаев мәлімдеді.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 16:13

«Ағымдағы жылы жергілікті бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, қарт азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге 6,2 млрд. теңге шамасында қаражат бөлініп, сонымен қатар, 1,2 млрд-қа жуық қаражат бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бағытталды», - деп хабарлады Арман Өмірбаев.

4,1 млрд. теңге көлеміндегі біржолғы материалдық көмекті 186,6 мың адам алды, 1,4 млрд.теңге 950 мың қарт азаматтарды жалпы қоғамдық көлікте жол жүру жеңілдігімен қамтамасыз ету үшін бөлінді. 24,4 мың адам 116,3 млн. теңгеге жеңілдетілген дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілсе, 14,4 мың азаматқа санаторлық-шипажайлық емдеуге 1 млрд. теңге қаражат бөлінді, сондай-ақ, 687,3 млн. теңге тұрғын үйді жөндеуге, отынмен қамтамасыз етуге, тісті протездеуге және көмектің басқа да түрлеріне бағытталды.   

 




Яндекс.Метрика