Адами капитал

Қазақстанда егде жастағы халықтың үлесі 6,8%-ды құрайды

Қазақстан халқы қартаю алдында тұр. Бұл туралы ҚР ДСӘДМ Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Арман Өмірбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 15:56

Біріккен Ұлттар Ұйымының жіктеуі бойынша, халықтың 65 жастағы адамдар саны және одан жоғары жастағылардың үлесі 7 пайызды құрайды және көбісі – қартайып жатқандардың құрамына кіреді. Қазақстанда, департамент басшысының айтуы бойынша, өткен жылдың соңында осы санаттағы адамдардың үлесі 6,8 пайызды құрады.

«Халықаралық сарапшылар қоғамда немесе мемлекетте қартайған адамдардың үлесі, яғни 65 жастан жоғарылар 7 пайызды құрайтын болса, олардың қартаю алдында тұрғандығын мақұлдайды. Егер Қазақстан туралы айтатын болсақ, 65 жастан жоғары адамдардың үлесі өткен жылы 6,8 пайызды құрады. Яғни, Қазақстан осы табалдырыққа жақындады деген сөз»,-деді ол.

Осылайша, департамент басшысының айтуы бойынша, Солтүстік және Шығыс  елдерде, көбінесе Орталық Қазақстанда Еуропа елдерімен жағдай ұқсас болып табылады. Яғни, халықтың қартаюы егде адамдардың жастарға қарағанда көп болуынан болады. 

«Республиканың Батыс және Оңтүстік аймақтарында, сонымен қатар Астана қаласында бала туудың көбейіп жатқандығы байқалады, оның нәтижесінде халықтың қартаю көрсеткіші азаяды»,-деді ол.




Яндекс.Метрика