Басқару

Ұлттық экономика министрі жұртшылықпен Салық кодексіне өзгерістерді талқылады (ФОТО)

Ұлттық экономика министрлігі Қуандық Бишімбаев жұртшылықпен салық саясатының негізгі бағыттарын талқылады және Салық кодексіне енгізілетін өзгерісттер туралы айттып берді, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 30 Қыркүйек, 16:38

Қазақстан  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламенттік сессияны аша отырып, депутаттар мен үкімет жұмыс жасайтын заң жобасы адамдардың өмірін жақсартуға және ең маңызды мәселелерді шешуге бағытталғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы азаматтарға заңнамалық жаңалықтар туралы нақты ақпарат беру үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап айтты. Жұма күні болып өткен салық саясатын талқылауға Ұлттық экономика министрлігінің, Қаржы министрлігінің, Ұлттық банкінің, Энергетика министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің, Ұлттық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, тауар өндірушілер қауымдастығы мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Ұлттық экономика министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп қолайлы кәсіпкерлік ортаны қалыптастыруға бағытталған салық салу және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша Заң жобасын әзірледі.

Құжатта 2017 жылды қоса алғанда (30 000 АЕК) қолданыстағы қолданыстаға ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою үшін ең аз шекті мөлшерін сақтау, одан әрі кезең-кезеңмен 2020 жылы – 15 000 АЕК дейін (31,8 млн. теңге) төмендету ұсынылып отыр. Сонымен қатар, Салық кодексінде ҚҚС бойынша ерікті түрде тіркеу есебі қою нормасын қалпына келтіру ұсынылып отыр.

Министр «Асыл тұқымды мал базасын ұлғайту үшін отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында импортталған асыл тұқымды малдың өлуі және мәжбүрлі сойылуы кезінде табиғи кему нормативтері шегінде ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану ұсынылады»,- деп хабарлады.

Бұдан басқа, алкоголь өнімдеріне акциздерді кезең-кезеімен ұлғайту ұсынылады: 2017 жылы – бір литріне 2 000 теңге, өткен жылмен салыстырғанда өсім - 45 %. 2018 жылы – 2 275 теңге (өсім 14 %), 2019 жылы – 2 550 теңге (өсім 4 %).

«Алкоголь өнімдерін экспорттау кезінде отандық өндірушілердің бәсеге қабілеттілігін күшейту және қосарланған салық салуды болдырмау мақсатында алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын және қолданылатын этил спиртіне акциздің нөлдік мөлшерлемесін (қолданыстағы мөлшерлеме - 60 теңге/литр). белгілеу ұсынылады»,-деп айтты Бишімбаев.

Қаржы секторын тұрақтандыру және банктердің несие қоржынында үмітсіз берешек деңгейін төмендету үшін банктер мен ұйымдарды проблемалық қарыздың берешекті кешіру барысында Жеке табыс салығын, Корпоративті табыс салығын және мемлекеттік баж салығын төлеуден босату бойынша түзетулер ұсынылады.

Бұдан басқа, жер қойнауын пайдалануда инвестицияларды ынталандыру мақсатында инвестициялық қаржыландыру (kerri қаржыландыру) бойынша коммерциялық табу болмаған жағдайда берешекті есептен шығару барысында табысты Корпоративті табыс салығынан босату көзделген.

Экспортты және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында тауарларды Ақтау теңіз портына дейін теміржол көлігімен тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметті тауарларды шекараны кесіп өтетін теңіз көлігіне шамадан артық тиеу барысында халықаралық тасымалдауға жатқызу бойынша түзетулер көзделуде.

Заң жобасында салықтық және кедендік әкімшілендіру бөлігінде салық және кеден дауларды сотқа дейінгі реттеу, барлық ҚҚС төлеушілер үшін міндетті электронды шот-фактуралардың көшірмесіне кезең-кезеңмен көшу, салықтық немесе кедендік тексерулер жүргізу барысында е-аудит (электронды аудит) енгізу мерзімдерін ауыстыру, салықтық есептілік нысандарын оңтайландыру бойынша түзетулер көзделген.

Бишімбаев Министрлік біріктірілген Салық-кеден кодексін  әзірлеу жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатқанын  еске салды.

Салық заңнамасын реформалаудың негізгі бағыттары:жанама салықтарды алу тетіктерін жетілдіру,  кірістер мен шығыстарды  міндетті түрде есептей отырып,  қолданыстағы салық  режимдерін оңтайландыру, жер қойнауын пайдаланушылардың салық салу жүйесін жетілдіру,тиімсіз салықтың  жеңілдіктерді және ДСҰ есежелеріне қайшы келетін нормаларды жою, салықтық және кедендік әкімшілендіруді біріктіру,  жанама салықтарды өндіруді жетілдіру болып табылады.

«Мемлекет үшін, сол сияқты салық төлеушілері үшін де осы реформалардың күрделігі мен маңыздылығын ескере отырып, біз сіздермен ашық диалог пен ынтымақтастықта дайын екенімізді білдіреміз» - деп Бишімбаев іс-шараға қатысушыларға айтты.
 

 

 





Яндекс.Метрика