Білім беру

Назарбаев Университетінің 2015 жылғы түлегінің 40% АҚШ пен Ұлыбританияның үздік ЖОО-да білім алып жатыр

2015 жылғы Назарбаев Университетінің шамамен 40%-дан астам түлегі АҚШ пен Ұлыбританияның үздік ЖОО-да білім алуда, деп баспасөз мәслихатында Мансап және университеттегі кәсіби бағдар орталығының директоры Евгений Ким мәлім етті.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 15:07

2015-2016 жылдары Назарбаев Университеті 1068 түлект шығарды, олардың ішінде 447 түлек – 20105 жылы және 621 түлек-2016 жылы.

Сонымен қатар, оның мәліметі бойынша, 2015 жылдың 40 пайыз түлегі Қазақстанның, АҚШ, Ұлыбританияның жетекшкі жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастыратын болады. Қазіргі күні 2015 жылғы түлектердің 47 пайызы жұмысқа орналастырылған.

Назарбаев Университетінің түлек-бакалаврлары келесі салада еңбек етуде: консалтинг - 24%, білім беру және ғылым - 19%, мемлекеттік сектор мен ұлттық компаниялар - 11%, телекоммуникация және IT - 11%, мұнай-газ - 8%. Магистратураның шамамен 49 пайыз түлегі білім беру және ғылым саласында , мемлекеттік сектор мен ұлттық компаниялар саласында 20 пайызы жұмыс істейді.

«2016 жылғы түлектерге келетін болсақ, алдын ала мәліметтер бойынша, қыркүйекте түлектің 35 пайызы АҚШ, Германия, Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастыруда. Ағымдағы жылы Оксфорд университеті, Стэнфорд университеті, Массачусетс технологиялық институты, Пенсильвания университеті, Берклидегі Калифорния университеті пайда болды. Студенттер бойынша объективті мәліметтер 2016 жылдың желтоқсан айында жарияланатын болады»,-деді Е.Ким.




Яндекс.Метрика