Білім беру

Назарбаев Университетіне түсу үшін жаңа талаптар қойылады

Жаңа оқу жылы Назарбаев Университетіне 720 студент түсті, оның 14-і ақылы бөлімде білім алады. Бұл туралы ЖОО президенті Шигео Катсу мәлімдеді.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 15:04

2016-2017 жылдары оқуға түсу үшін 4517 абитуриент тіркелді: 3060 университет алдындағы дайындық, 223 бакалавриат бағдарламасы, 1234 магистратура (409 адам түсті). Докторантура бағдарламасына түсу үшін  126 үміткер өтінім беріп, оның ішінде 28 оқуға қабылданды.

Жалпы, 720 абитуриент қабылданды, 128 «Алтын белгі» иегері, 246 – мемлекеттік үлгідегі қызыл диплом иегерлері.

Университетке  Қырғызстан, Қытай, Монғолия, Гана, АҚШ, Өзбекстан және Иран елдерінен  14 шетелдік студент келіп түсті. Төрт адам Foundation бағдарламасы бойынша, біреуі бакалавриат, жетеуі магистратура мен екеуі докторантурада білім алып жатыр.

«Биылғы жылдан бастап Назарбаев Университеті  абитуриенттерге арналған жаңа талаптарды енгізді. Биыл математика барлық студенттерге міндетті тапсыру пәні ретінде енгізілді, таңдалған мектепке байланысты бірқатар міндетті пәндер енгізілді.

IELTS бойынша ортақ қорытындының теңдігі бойынша келесі секциялар бойынша абитуриенттерге басымдылық берілді: «Хат», «тыңдалым», «оқу», «сөйлеу мәнері». IELTS бойынша жалпы  ұпай 5.5-тен 6.0-ге дейін жетуі керек. 




Яндекс.Метрика