Адами капитал

Қазақстанның әскери қызметшілері БҰҰ штабтық офицерлерінің курсы бойынша дайындықтан өтуде (ФОТО)

«Бейбітшілік үшін серіктестік» оқу-жаттығу орталығының базасында «БҰҰ-ның штабтық офицерлері» курсынан өтуде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 30 Қыркүйек, 20:24

Курстың  негізгі мақсаты БҰҰ аясында бейбітшілікті ұстап тұру жөніндегі бітімгершілік операцияларға қатысу үшін Қарулы Күштердің әскери және азаматтық персоналының жан-жақты штабтық даярлығы болып табылады.

Аталмыш курс бітімгершілік операцияға қатысар алдында әскери қызметшіні дайындаудың қажетті құрамдасы болып табылады.

Бұл курстың сабақтары екі кезеңде теориялық және практикалық тұрғыда тек ағылшын тілінде жүргізілетіндігімен ерекшеленеді. Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушылар БҰҰ миссиясының құрамында көпұлтты штабтарда қызмет өткеру кезінде тапсырмаларды сәтті орындау үшін қажетті теориялық білім мен практикалық машықтың қажетті деңгейін меңгереді.

Бітімгершілік миссияларға қатысқан офицерлер оқыту барысында әскери қызметшілермен тікелей іс жүзінде жинақтаған тәжірибелерімен бөліседі.

Халықаралық стандарттар бойынша орталық Орталық Азиядағы «Бейбітшілік үшін серіктестік» бірден-бір оқу-жаттығу орталығы болып табылады. Орталықтың базасында біздің нұсқаушылар 80-нен аса халықаралық іс-шараны өткізді. 1 200-ден аса адам тіл дайындығы бойынша оқып-үйренді. Одан басқа, Ауғанстан, Грузия, Тунис және өзге де елдердің 120-дан аса шетелдік өкілі.

 





Яндекс.Метрика