Инновациялар

Д.Дениозос: Қазақстанда біртіндеп инновацияларды дамытудың еуропалық технологиялары енгізіледі

Қазақстанға инновацияларды дамытудың интерактивті карталарының еуропалық технологиялары біртіндеп енгізілетін болады. Бұл туралы сарапшы, тенденцияның инновациялық карталарын әзірлеуші Димитрис Дениозос Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлім етті.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 19:51

«Бірінші кезекте, Инновациялық одақтың тапсырмасы ЕО бәсекеге қабілеттілікті арттыру, Инновациялық одаққа ЕО кіретін барлық елдер кіреді мен  серіктестік келісімге қол қойған елдер енеді. ЕО мүшелерінің барлығы Инновациялық одаққа кіреді. Алайда, ИО мақсаты барлық мемлекеттердің инновациялық өнім, бағдарламасын және т.б беруін жасау. ЕО кейібір мүшелері жақсы инновациялық өнімдерді жасап жатады. Сол себепті, бұл жердің мақсаты – тәжірибені кеңейту. Болашақта инновацияларды дамытудың еуропалық технологиялары Қазақстанға бірітіндеп енгізілетін болады»,-деді сарапшы.

Оның сөзі бойынша, 2000 жылғы Лиссабондық стратегия инновацияларды ынталандыру тұрғысында ЕО-ны біріктірді.

«Лиссабондық стратегия тарапынан инновация стратегиясын іске асыру бойынша жол картасы қабылданды. Түрлі идеялар да қабылданды»,-деді ол.

Айта кетейік, Инновациялық одақ – мемлекеттік органдар, қоғам және жеке компаниялар мен мекемелерден шығатын, сонымен қатар өнеркәсіптік топтардан, банктер, бизнес, ғылым өкілдерінен шығатын инновациялық тұжырымдаманың бірігуі.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика