Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазақстанда Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында 59 заңнамалық акт қабылданды (БЕЙНЕ)

Ұлт жоспары- «100 нақты қадамды» жүзеге асыру аясында 59 заңнамалық акт қабылданды, оның ішінде азаматтық-процессуалдық кодекс те бар. Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Жоғарғы соттың судьясы Нұржан Жолдасбеков мәлімдеді.
Астана қаласы 30 Қыркүйек, 19:16

«Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап  Елбасының 5 институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары -«100 нақты қадамды» жүзеге асыру басталды. Мемлекет басшысы бекіткен маңызды тапсырмалардың бірі заң әділдігі. Ұлт жоспары- «100 нақты қадамды»  жүзеге асыру аясында  59 заңнамалық акт қабылданды, оның ішінде  азаматтық-процессуалдық кодекс те бар. Сондай-ақ, судья мәртебесі мен Жоғарғы сот Кеңесі  туралы заңдарға өзгертулер енгізілді», - деді судья.

Н.Жолдасбеков айтып өткендей,  Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» жаһандық қауіп-қатерге жауап пен  дамыған 30 елдің құрамына енуге апаратын жол.

«Заң әділдігі аясында сот жүйесіне үлкен жауапкершілік артылып отыр,  ол судья лауазымына үміткерлердің таңдалуы,  бес санаттықтан үш санаттық әділдік пішініне өтуді қарастырады. Бұл мамандандырылған ұжымның  құрылуы, аудио- видео фиксацияларды енгізу, сот  процессін ашық өткізу мен прокурорлардың азаматтық істі қарауына шектеу қоюды қамтиды», - деді ол.

Индира Кауметова

Бейне:  Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика