Экология

Астанада «жасыл» технологиялардың Халықаралық орталығын құру кезінде 100-ден астам қытайлық технопарк өз тәжірибесімен бөліседі

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін өткізгеннен кейін Астанада «жасыл» технологиялардың Халықаралық орталығын құру кезінде 100-ден астам қытайлық технопарк өз тәжірибесімен бөлісетін болады. Бұл туралы New Euro-Asia Group» холдингтің бас директоры Сунь Ли мәлім етті.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 13:42

«ЭКСПО-2017 көрмесіне инновациялық тақырыпты толықтыруды ескере отырып, біз 100-ден астам қытайлық технопарктерді «жасыл» технологиялардың Халықаралық орталығын құруға қатысуға және қолдауға шақырамыз. Біз қызығушылық танытқан технопарктерді шақыруға жоспарлаудамыз. Инновациялар – бұл адамзаттың рухы мен әр елдің даму рухын дамыту жолы. Біздің мақсатымыз – бұл павильонды толтыруға инновациялық құрамдас бөлігін тарту ғана емес, сонымен қатар ЭКСПО-2017 кезеңінен кейін құраушыны одан әрі дамыту»,-деді Сунь Ли.

Оның айтуы бойынша, ШЫҰ Хатшылығы жанындағы павильонына 120 шаршы метр жер бөлінген.

Сонымен қатар, Сунь Ли «ЭКСПО-2017» көрмесінен кейін Инновациялық қор пайда болатындығын айтып өтті және ол ұлттық, үкіметтік емес болып табылады және нарық заңына бағынады.

«ШЫҰ қолдауына ие болып, қазіргі күні ШЫҰ ұлттық ынтымақтастық платформасын құрудамыз және ол негізгі екі блокка бөлінеді. Біріншісі зертханалық орталық болып табылады, ал екіншісі ШЫҰ бастар жол – «Жібек жолы» және ол басқа қорлардың қатарына бөлінетін болады. Инновациялық сала аясында инвестициялық қызметпен айналысады. Қордың жалпы көлемі шамамен 100 млн юань болады, келесі жылы ол 1 млрд юаньга дейін өседі»,-деді ол.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика