EXPO-2017

А.Есімов: 10 желтоқсаннан бастап ЭКСПО билеттерінің оффлайн-сатылымы басталады (ФОТО)

10 желтоқсаннан бастап ЭКСПО билеттерінің оффлайн-сатылымы басталады. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компания» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ҚР-да аккредиттелген дипломатиялық миссияның басшыларымен кездесу барысында мәлім етті.
Астана қаласы 30 Қыркүйек, 13:37

«10 желтоқсаннан бастап  ЭКСПО билеттерінің  оффлайн-сатылымы басталады. Біз осыған дейінгі көрмелерде билеттердің құнын тыңғылықты зерттедік, қазір тұрғындарға қолжетімді бағаны ұсынып отырмыз», - деді А.Есімов.

Сондай-ақ, ресми қатысушыларға  қараша айында бірыңғай қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, қатысушылар  консултациялар алып, «бір терезе» бойынша мемлекеттік қызметке ие бола алады.

«Қарашадан бастап көрменің логистикалық орталығы жұмыс істейді, орталық  өз павильондарының құрылысына келген адамдардың алғашқы жүктерін қабылдауға дайын болады», - деді ол.

Компания сайтында жұмыс күндеріне билеттің құны 6 мың болса, демалыс күндеріне 8 мың  теңге болады. Билеттерді ашық бекітілген уақыт бойынша сатып алуға болады.

Айта кетейік, көрме кезінде 2 мын қатысушы мен 5 млн тамалаушы  келеді деп күтілуде.

Ботагөз Айтжанова

Сурет: Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика