Білім беру

Назарбаев Университетінде ақылы оқу жүйесі енгізілді - Шигео Катсу

Ағымдағы оқу жылынан бастап Назарбаев Университетінде ақылы негізде оқу жүйесі енгізілді, оның шеңберінде 14 студен білім алуда, деп хабарлады ЖОО президенті Шигео Катсу.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 13:28

«Осы жылы біз барлық бағдарламалар бойынша ақылы оқу енгіздік. Мысалы, даярлау бағдарламасы 18 375 доллар тұрады. Бұл баға Англия мен АҚШ-тың осындай сапалы университеттерінен біршама төмен. Бізде барлық бағдарламалар бойынша ақылы негізде білім алатын 14 студент бар», - деді ЖОО президенті. 

Ш.Катсудың айтуы бойынша, халықтың әлеуметтік-осал топтары үшін белгілі бір жеңілдікті шарттар ұсынылады. 

«Сондай-ақ, біз жеңілдіктер әлеуметтік-экономикалық жағдайда көрсетуі тиіс екенін түсінеміз, сондықтан, мұндай ақшалары жоқ халық үшін бізде өте жақсы жеңілдіктер, шегерімдер бар. Бұл, сондай-ақ, магистрлік бағдарламаларға да қатысты. Біз ақылы оқу идеясын бір күнде емес, біртіндеп енгізуге тырысамыз», - деп қосты ол.

«Бакалавриат бағдарламасы бойынша оқудың орташа құны 21 мың долларды құрайды. Біздің бағдарламаларымыздың сапасын ескерсек, бұл баға АҚШ пен Англияның басқа ұқсас бағдарламаларынан анағұрлым төмен. Құны шәкіртақыға жұмсалатын шығыстарды өтейді», - деп түсіндірді ЖОО президенті.

ЖОО-ның магистрлік бағдарламалары бойынша білім алу құны шамамен 20 мың долларға жуық құрайды.

«MBA бағдарламасы бойынша күндізгі білім алу 40 мың доллардан артық болатын біздің жоғарғы бизнес мектебіміз ерекшелік болады. Бізде осындай деңгейде білім беруді ұсынатын әріптестің бар екенін ескере отыра, АҚШ-тың жетекші бизнес мектептерінде ұқсас бағдарламалар 90 мың доллар тұрады», деп қорытындылады Шигео Катсу.




Яндекс.Метрика