EXPO-2017

ЭКСПО-ға ірі трансұлттық компаниялар 125 млн еуро салды – Есімов

Ірі трансұлттық компаниялар біздің көрменің демеушісі болды және олардың қаржылық салымы 125 млн еуроны құрады. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компания» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ҚР-да аккредиттелген дипломатиялық миссияның басшыларымен кездесу барысында мәлім етті.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 13:21

«Біз PR-кампания бойынша үлкен көлемді жұмысты бастадық. Ол үшін атақты компаниялар жұмылдырылды, көбінесе Burson Marsteller американдық компаниялары. Қазір біз мәреге жетудеміз және  PR көрме бойынша шетелде белсенді жұмыс жасаудамыз. Оның барлығы шетелден келген туристерді қызықтыру үшін жасалуда»,-деді А.Есімов.

Сонымен қатар, компания басшысы ұлттық компаниялардың жасаған демеушілік сомасын айтып өтті.

 «Ірі трансұлттық компаниялар қатысатын болады, олар үшін арнайы павильон жасалған. Ірі трансұлттық компаниялар біздің көрменің демеушілері және олардың қаржылық салымы бүгінгі күні 125 млн еуроны құрайды»,-деді А.Есімов.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика