Өңірлер

Бас прокурор ақтөбелік жастарды жаман әдетке ұрынбауға, теріс идеологияның құрбаны болмауға шақырды (ФОТО)

Бас прокурор Жақып Асанов ақтөбелік жастармен кездесу барысында оқушыларды жаман әдетке ұрынбауға, теріс идеологияның құрбаны болмауға шақырды.
Ақтөбе 30 Қыркүйек, 14:57

«Сендер әлі жассыңдар. Ересек өмірге бір-екі жылда аттанасыңдар. Осы кезден бастап болашақты ойлап, жаман нәрседен алыс жүріңдер.  Экстремистер әлсіз, санасы қалыптаспаған, көнгіш, сенгіш жастарды өздеріне тартып жатыр. Ақша беріп, сеніміне кіріп жатқан жағдайлар аз емес. Оның арғы жағы белгілі. Саналарын әбден улап, қолдарына қару ұстатып, қылмысқа итермелейді. Өздері терактіні тек сырттан бақылап, аңқау жастарды өлімге жұмсайды. Қолжаулық ретінде пайдаланады.

Бас прокурор айтқандай, түбінде бұл проблема шешіледі. Бүкіл әлем оларға қарсы шығып, бұл қауіп тамырымен құриды. Бірақ, сол екі ортада талай адам құрбан болуы мүмкін. Қателеспейтін адам болмайды. Жас адам максимализмге ұрыншақ.Сондықтан біз бұның алдын алайық, халыққа түсіндірейік, жастарға дұрыс бағыт берейік деп алдарыңызға келіп отырмыз, деді ол.


 





Яндекс.Метрика