EXPO-2017

ЭКСПО-ға қатысушы елдер павильондардың тақырыптық тұжырымдамасын әзірлеуді жеделдетулері керек – А.Есімов

ЭКСПО-ға қатысушы елдер павильондардың тақырыптық тұжырымдамасын әзірлеуді жеделдетулері керек, деді «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық көрмесі» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ҚР-да аккредиттелген дипломатиялық миссия басшылармен кездесу барысында.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 13:01

«Барлық павильондар дайындалып, коммуникациялар әзірленді. Келесі айларда елдер өздерінің павильондарын реттеуге дайын болулары керек. Бүгін 103 ел өздерінің қатысатындығын растап, 98-і  комиссарларын тағайындады. Қатысу туралы 82 келісім орнатылды, 61 мемлекет  ұлттық күндерінің уақытын бекітіп, 17 халықаралық ұйым қатысатындығын растады», - деді А.Есімов.

Компания басшысы сондай-ақ, халықаралық павильондардың  мағыналы толтырылып жатқандығын атап өтті.

«Бізде тек 5 павильон толтырылмай тұр, біз олардан өтінім күтіп жатырмыз. 10 ел болады деп үміттенеміз. Ресми қатысушылардың  павильондарының тақырыптық тұжырымдамаларын  әзірлеуде жылдамдық танытуларына шақырамын», - деді ол.

Осы орайда ол Австрия, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Пәкістан, Польша, Жапония, Ресей павильондарын  атап өтті.

Ботагөз Айжанова




Яндекс.Метрика