EXPO-2017

Қазақстан ЭКСПО-2017 ШЫҰ павильонын бірлесіп қалыптастыру туралы меморандум жасады (ФОТО)

Қазақстан ШЫҰ павильонының басқарушы компаниясымен ЭКСПО-2017 ШЫҰ павильонының контенттік бөлігін қалыптастыру міндеттерін шешу бойынша бірлескен әрекеттер қабылдау туралы келісті. Бұл туралы G-Global халықаралық секретариаты, «Еуразиялық жаңа холдинг» ЖШҚ және «Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ арасындағы ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қою барысында белгілі болды.
Астана қаласы 30 Қыркүйек, 12:43

Меморандумның мәні әріптестік қарым-қатынас орнату және тараптардың ұзақ мерзімді, тиімді және өзара пайдалы әріптестігін дамыту болып табылады. Меморандум шеңберінде тараптар ЭКСПО-2017 ШЫҰ павильонының контенттік бөлігін қалыптастыру, ЭКСПО-2017 дейін және оның кезеңінде тақырыптық іс-шараларды бірлесіп өткізу, соның ішінде 2017 жылғы 5-15 маусым аралығындағы кезеңде Астана қаласында өтетін ШЫҰ аптасы шеңберінде Инновациялық форум, жасыл әйелдер бизнес-форумын және басқа іс-шараларды ұйымдастыру бойынша міндеттерді шешуде бірлескен әрекеттер қабылдау туралы келісті.

Алдағы іс-шаралар шеңберінде инновациялар әлеуетін және ШЫҰ елдерінің инновациялық әлеуетін көрсету, алдағы «Болашақтың энергиясы» ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі тақырыбы бойынша ШЫҰ-ға қолдау көрсету жоспарланып отыр». Біз осы ынтымақтастық шеңберінде негізгі міндеті жасыл экономиканы іске асыру және елдер арасындағы «жасыл» технологиялар трансферті болып табылатын «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасы ретінде біздің мемлекет Басшымыз ұсынған біздің бірегей бағдарламамызды ілгері жылжыта алатынымызға қуаныштымыз», - деді «Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ басқармасының төрағасы Салтанат Рахымбекова.

Жоспарланып отырған іс-шаралар ШЫҰ елдерінің және барлық әлемнің инновациялық әлеуетін көрсетеді, ШЫҰ мен ЭКСПО-2017 біртұтас етеді, ШЫҰ мемлекет басшыларының саммитін және ЭКСПО-2017 сәтті өткізуге ықпал етеді және саясатты, экономиканы және мәдениетті бір тізбекке жинайды.

«ШЫҰ-ның алдағы ЭСКПО-2017 көрмесінің негізгі тақырыптары мен міндеттерін шешуге қосатын үлесі орасан зор, Қытайдың көптеген технопарктері осы көрмеге қатысуға қызығушылық және ниет білдіруде. Бұл жақсы ақпарат және технология алмасу болады. Көрме тақырыптары 2025 жылға дейін қабылданған ШЫҰ стратегиялық бағыттарымен жақсы байланысқан. Бұл тұрақты даму мақсатында табиғат қорғау аумақтары, жаңартылатын энергия көздері, энергия тиімділігі саласындағы ынтымақтастық сияқты тақырыптар. Біздің компания ЭКСПО-2017 ШЫҰ павильонының ресми әріптесі болып табылады, қазіргі уақытта  біз ЭКСПО – 2017 өткізуге дейін, оның кезеңінде және одан кейін біздің бірлескен іс-шараларымыздың құрылымын жасаймыз», - деп атап өтті «New Euro-Asia Group» холдингінің (ҚХР) бас директоры Сунь Ли.

ШЫҰ-ның мәдени-экономикалық өзара іс-қимылының тұғырнамасы өзара сенімділікті нығайтуды, мәдениеттердің алуан түрлілігіне өзара пайдалы, достық келісімдерге қол жеткізуді және жалпы дамуға ұмтылуды, сондай-ақ үкіметтік деңгейде мәдени-экономикалық өзара іс-қимылдың ауқымды және іскерлік тұғырнамасын жасауды өз алдына мақсат етіп қояды.

Халықтар арасындағы мәдени-экономикалық өзара іс-қимылды нығайту арқылы тұғырнама ШЫҰ халықтарының және оған қатысушылардың достық қарым-қатынастары мен әл-ауқатын дамыту, нығайту көзі болады.  

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика