Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: Жыл соңына дейін Маңғыстау облысында жаңа логистикалық орталық іске қосылады

Ағымдағы жылдың соңына дейін Маңғыстау облысында «Azersun Holding» компаниясының логистикалық орталығы пайдалануға беріледі, деп Маңғыстау облыстық индустриялды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрбек Қарасаев мәлім етті.
Астана қаласы30 Қыркүйек , 12:36

«Бірінші және екінші бесжылдықтың индустриалды картасын қалыптастыру аясында өңірге инвестицияны тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. ИИДМБ аясында 2010-2016 жылдарға Индустрияландыру картасысының 33 жобасы іске асырылды. Аталмыш жобаның инвестициясы 218,8 млрд теңгені құрады. Үш мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары құрылды»,-деді Н.Қарасаев.

Оның айтуы бойынша, аймақтық индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы 24 жобадан тұрады. Инвестицияның жалпы сомасы – 144,5 млрд теңге. Шамамен 1900 жаңа жұмыс орындарын құрады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, өңірдің ндустриялды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасарының айтуы бойынша, 2015 жылы 44,1 млрд теңгенің 10 жобасы пайдалануға берілді, 618 жұмыс орны құрылды. 2016 жылы жалпы сомасы 85,8 млрд теңгенің 10 жобасын іске қосу жоспарланған және 628 жұмыс орны құрылады. Олардың ішінде, бүгінгі күні 4 жоба пайдалануға берілген.

«Azerun Holding» логистика орталығы жылына 1000 тоннаға дейін жеміс-жидектер мен көкөністерді беруі мүмкін. Ол Актау кемежай аумағында қазіргі заманға сай қоймасымен ерекшеленеді және ол жерде жемістер бір айдан 3 айға дейін сақталуы мүмкін.

Сонымен қатар, паром кешенінің құрылысы белсенді атқарылуда. Бүгінгі күні құрылыс нысанында барлық алаңдар дайын тұр. Көптеген алаңдарда жер жұмыстары аяқталған.

Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Каспий теңізі жағалауындағы жаңа тұшытқыш зауытын дайындаудың жоспары туралы айтып өтті.




Яндекс.Метрика