Өңірлер

Қызылорда облысында өңдеу секторының өсімі 15,4%-ды құрады

Қызылорда облысында өңдеу секторының өсімі ағымдағы жылы 15,4%-ды құрады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қызылорда30 Қыркүйек , 20:43

Ал, егер неғұрлым ұзақ мерзімді үрдісті (динамиканы) алып қарайтын болсақ, онда, мысалы, 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, облыстағы шикізаттық емес сектордың өндіріс көлемі 2,8 есеге артса, республика бойынша бұл көрсеткіш орта есеппен небары 17,8%-ға ғана өскен.  

Осы кезеңде өңіріміздегі өнеркәсіптің шикізаттық емес секторындағы еңбек өнімділігі 5,2 есеге (ҚР – 195%) артты, ал, өңдеу өнеркәсібінің өңірдің жалпы өніміндегі үлесі 2 еседен артық (2012 ж. 2,3%-дан 2015 ж. 5,2%-ға дейін) өсті. 

Бұдан бөлек, аймақ басшысы шикізаттық емес сектордың даму қарқыны бойынша Қызылорда облысы бүгінгі күні республиканың өзге облыстары арасында көшбасшы екендігін тілге тиек етті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, өңдеу саласының қарқынды өсімі 2014 жылдың қыркүйегінен бастап байқалуда. Яғни, бұл – аймақ экономикасын әртараптандырудың нақты дәлелі. 

 




Яндекс.Метрика