Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан Еуропаға баратын контейнерлік пойыздардың саны 2,5 есеге артты

Қазақстаннан экспортқа шығарылған астық пен ұнның жартысынан астамы орталық азия елдеріне жіберілді, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ.
Казахстан30 Қыркүйек , 11:52

Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан Еуропаға баратын контейнерлік жүктер көлемі екі жарым есеге артқандығы байқалды. Осы бағдарға жыл басынан бері 1210 пойыз жіберілсе, өткен жылғы көрсеткіш 503 пойыз болатын.

Сонымен қатар Еуропадан Қазақстан аумағы арқылы Қытайға өтетін транзиттік контейнерлік пойыздар саны да өскен. Бұл бағдарға жыл басынан бері 245 пойыз жөнелтілсе, өткен жылы 101 пойыз өткізілді.

Жыл басынан бері 5 миллион тонна астық өнімдерін тасымалдады. Оның ішінде 3 миллион тоннасы экспортқа шығарылды. Сонымен қатар компания 2 миллон тонна ұн тасымалдаса, оның 1,5 миллион тоннасы экспортқа шығарылды.

Қазіргі таңда компания экспортқа контейнерлік пойыздармен шығарылатын жүктердің көлемін өсіріп, географиялық ауқымын кеңейту шараларын жүзеге асыруда.




Яндекс.Метрика