Халықаралық интеграция

Ресейге алюминий радиаторлары Алматыдан жеткізіледі

«Склад ОВ» ШЖС алюминий жылу радиаторларын шығарытын алматылық компания Ресейге алюминий жылу радиаторларын жеткізетін болады, деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.
Әлемде30 Қыркүйек , 11:34

Еліміздегі «Склад ОВ» ШЖС алюминий жылу радиаторларын өндіретін алматылық компания алғаш рет Ресейге алюминий радиаторларын жеткізетін болады. Сонымен қатар, компания Батыс Қазақстан облысымен ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойды.

Айта кетейік, «Склад ОВ» ЖШС Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығының мүшесі болып табылады, оның аясында комапнияны модернизациялауға шамамен 90 млн теңге инвестицияланды. Жергілікті тұрғындарды өніммен қамту 92 пайызды құрайды.  Жылу беру қазіргіге қарағанда 10 пайызға жоғары.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе қаласында «Aktobe Invest-2016» IV халықаралық инвестициялық форум өтіп жатыр. Ол жерде алматылық шағын және орта кәсіпорындар «Еуропа-Азия. Шекарасыз ынтымақтастық» атты XV қазақстандық-ресейлік халықаралық өнеркәсіптік көрмеде өз өнімдерін таныстыратын болады.




Яндекс.Метрика