Өңірлер

Талдықорғанда МЖӘ аясында 320 орындық балабақша ашылды (ФОТО)

Талдықорған қаласында 320 орынға арналған жаңа балабақша ашылды. Бұл «Алтын бесік» балабақшасын мемлекеттік – жекеменшік серіктестік негізінде жеке кәсіпкер ашып отыр, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы 30 Қыркүйек, 11:13

Облыс әкімі А. Баталов балалар мен олардың ата-аналарын, жаңа мекеме ұжымын қуанышты жаңалықпен құттықтап, істеріне табыс тіледі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен біз мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытып келеміз. Бүгін, міне, кезекті қуанышты күн. Кәсіпкерлердің көмегімен тағы бір жаңа балабақша ашып отырмыз. Қаланың кішкентай тұрғындарын, олардың ата-аналарын, балабақша ұжымына сәттілік тілеймін», - деді облыс басшысы.

Ашылу салтанатынан кейін облыс әкімі балабақша ғимаратын аралап, музыкалық залды, дене шынықтыру залын көрді. Мекеменің бір тобына кіріп, балаларға ойыншықтар мен теледидар тарту етті.

Талдықорған қаласының 6-шағын ауданындағы бұл балабақшаның құрылысы 2015 жылдың тамыз айында басталған болатын. Жалпы алаңы - 2500 шаршы метр. Балабақша мемлекеттік тапсырысқа енгізілген. Мұнда 16 топ ашылып, 100-ге жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілмек.

Жалпы, бүгінгі күні Талдықорған қаласында 7998 бала мектепке дейінгі мекемелерге барады. 16 мемлекеттік, 29 жекеменшік балабақша және 9 мектеп жанындағы шағын орталықтар жұмыс істейді.

Облыста биылғы жылы 84 балабақша салынса, соның 78-і мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі бойынша жүзеге асырылуда.





Яндекс.Метрика