Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

Женевада Қазақстанның ядролық қаруды таратпау бастамалары талқыланды

Женевадағы БҰҰ Сарайында Ядролық қаруды түбегейлі жоюмен күресудің халықаралық күніне арналған арнайы шара өткізілді. Шараны Женевадағы БҰҰ бөлімі жанындағы ҚР тұрақты өкілдігі және БҰҰ қарусыздану басқармасы мен UNFold Zero үкіметтің емес ұйымы ұйымдастырды.
Әлемде30 Қыркүйек , 10:34

Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Қазақстаның  тұрақты өкілі Жанар Айтжанова  өз баяндамасында  Қазақстанның ядролық қарусыздану   бастамалары  мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр»  Манифестінің мазмұнын  таныстырды.

Қазақстан елшісі  Н.Назарбаевқа ядролық қарусыздану мен қауіпсіздік халықаралық сыйлығы  үлестірілгенін  айтып өтті.

Шара барысында  Астанада 29 тамызда «Ядролық қарудан азат әлем құру»  халықаралық конференциясында  қабылданған  «Astana Vision» декларациясын   Женевадағы БҰҰ Бөлімінің бас директоры  М.Меллерге  БҰҰ конференциясының ресми құжаты ретінде  тапсыру рәсімі өтті.

Қатысушылар шара аясындағы фотокөрмеде Қазақстанның ядролық қаруға қарсы қозғалысының тарихымен танысты.




Яндекс.Метрика