Өңірлер

Алматыға Шығыс Қазақстаннан 32 мың тонна өнім әкелінді

Шығыс Қазақстаннан Алматының ірі сауда желілеріне әкелінген тауарлар көлемі 10%-ға өсіп, 32 мың тоннаны құраған. Бұл жөнінде ШҚО әкімі Даниал Ахметов Алматы қаласының инвесторларымен және кәсіпкерлерімен өткен кездесу барысында айтып өтті.
Алматы қаласы 30 Қыркүйек, 10:56

Шығыс Қазақстан облысының 19 кәсіпорны Алматыға өз өнімін жеткізеді. Шығыс Қазақстанның тауар өндірушілерінің ресурстары мен мүмкіндіктері өңіраралық кооперацияның қолайлы нысандарын қолдана отырып, еліміздің облыстарының нарығына шығуға мүмкіндік береді.

«Алматы қаласы біз үшін осы бағыттағы өте маңызды объект болып табылады. Біз мал шаруашылығы саласында үлкен әлеуетке иеміз. Шығыс Қазақстанның дәл осы аграрлық секторы алдағы 10-15 жылда инвестициялық тартымды болады. Біз сізге суарылатын жерлердің шамамен 90%-ға жуығын ұсынамыз. Инвесторларды туристік кластер құруға қатысуға шақырамыз», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

ШҚО кәсіпкерлері жыл сайын Алматы сауда желісіне экологиялық таза және сапалы азық-түліктің едәуір көлемдерін жеткізе алады. Машина жасау саласында, тамақ, жеңіл өнеркәсіптерінде өндірістік және технологиялық тізбек құру екі жаққа да пайдалы болады.

Бүгінгі таңда Алматыға Шығыс Қазақстаннан 32 мың тонна әр түрлі өнім әкелінген, бұл 2015 жыл ішінде өткізілген көлемнен 10%-ға артық.

ШҚО кәсіпорындары Алматыға сүт және сүт өнімдерін, консервілерді, жартылай фабрикаттарды, ет деликатестерін, құс етінің түрлерін, ұн, шұжық, ұннан жасалған және кондитерлік тағамдарды, жарма, күнбағыс майын, бал, ара шаруашылығының және құрамында пант бар өнімдерді жеткізетінін атап өту қажет. ШҚО өнеркәсіптік кәсіпорындары Алматыға автобустар мен құрылыс материалдарынан бастап киім-кешекке дейін өткізеді.

Келіссөздер аяқталғаннан кейін, кездесуге қатысушылар 40 тоннадан астам әр түрлі сұрыпты бал мен пант өнімінің 27 түрі ұсынылған жәрмеңкеге барып қайтты.

Шығыс Қазақстан делегациясы өңір әкімі Даниал Ахметовтың басшылығымен жұмыс сапарымен Алматы қаласына барғанын еске сала кетейік.





Яндекс.Метрика