Қазақстан және БҰҮ

Е. Ыдырысов: Қазақстанның БҰҰ ҚК-ға мүшелігі – ОА қауіпсіздік мәселелеріне назар аудартудың мүмкіндігі

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болуы – Орталық Азия қауіпсіздігі мен Ауғаныстандағы мәселелерге назар аударудың мүмкіндігі, деп СІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысында ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.
Нұр-Сұлтан30 Қыркүйек , 10:17

Министрлік Одақ мүшелеріне ведомствоның алдағы бағыттары мен басымдылықтарын айтып өтті. Негізгі назар Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайлануына бөлінді.

«Бұл миссия біз үшін жауапкершілікке толы. Біз халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті, ескертпелі дипломатия, жанжалдарды шешу және жанжалдан кейін қалпына келтіру, бітімгершілік, адам құқықтары,  гендерлік теңдік және халықаралық құқық сынды салаларда БҰҰ ҚК жұмысына өз үлесімізді  салуға тырысамыз. Біздің маңызды мақсатымыз – өңірді бейбітшілік, ынтымақтастық және қауіпсіздік  аймағына айналдыру»,-деді Е.Ыдырысов.

Қоғамдық кеңес төрағасы Бірғаным Әйтімова сөз барысында үш негізгі бағыттар бойынша Кеңес жұмысының нәтижелерін айтып өтті – ақпараттық, сараптамалық-талдамалық және қоғаммен байланыс. 

«Әрбір бағыт бойынша жұмыс тобы құрылды және олармен бірқатар тапсырмалар құрылды – Одақ мүшелдері БАҚ алдында сөз сөйлейді, ірі халықаралық шараларға қатысады.ҚР Президенті жанындағы  Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтымен бірге басым елдер мен аймақтардың ынтымақтастығын кеңейту бойынша ғылыми-зерттеу жобалары іске қосылды»,-деді Б.Әйтімова.

Кеңес мүшесі Лилия Іспенбетова  Халықаралық құқық саласында «ҚазГЗУ  Университеті» Халықаралық құқық ғылыми-зерттеу орталығымен ынтымақтастық туралы жаңа келешегі бар жобаны  ұсынылды.

Аталмыш бағыт қазақстандық заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша өзара әрекеттестікті қосады. Жалпы алғанда, шамамен 50 мемлекеттің   тәжірибесі зерттелді.

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты ҚР мемлекеттік органдарының, Үкіметінің тиімді жүйесін құруға бағытталған.




Яндекс.Метрика