Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Жыл соңына дейін өңірлерде 417 мың адам жұмыспен қамтылады

Жыл соңына дейін өңірлерде 417 мың адам жұмыспен қамтылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру мен халықты жұмыспен қамту» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 18:19

 «2016 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмыспен қамтудың аймақтық кешенді жоспарларымен 313 мыңнан астам адам қамтылып, оның 279,8 мың адамы жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 139,1 мың адам, уақытша жұмыс орындарына  140,7 мың адам тұрды», - деді Біржан Нұрымбетов.

Вице-министр ағымдағы жылғы 8 айда «ЖЖК 2020» бағдарламасын іске асыру аясында 111,9 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқанын мәлімдеді. Жыл соңына дейін  өңірлерде  417 мың адам жұмыспен қамтылады.

«Биыл 5 мың 243 жоба жүзеге асырылуда. 18 мың адам жұмысқа орналастырылды. Жыл соңына дейін олардың санын 41 мыңға арттыру  көзделген.  Сондай-ақ, 5 мың 428 адам шағын несие алып,  өз кәсіптерін  ашты. 5 мың 210 адам оқытылуға бағытталып,  3 мың 260 адам  оқытуларын аяқтады, жұмыс беруші оларды жұмысқа алды», - деді вице-министр.

Біржан Нұрымбетов ҚР ДСӘДМ Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын халық арасында насихаттау бойынша белсенді іс-шаралар жүзеге асырылып жатқанын хабарлады. Оның қатарында бірнеше ауқымды шаралар бар.

Ботагоз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика