«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Н.Назарбаев Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысымен танысты

Елбасы Ертіс өзеніндегі көпір өткелінің құрылысымен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Павлодар29 Қыркүйек , 18:04

Мемлекет басшысына ауқымды нысанның құрылысының барысы туралы баяндалды. Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелі «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан «Орталық-Шығыс» автожол құрылысы жобасының бір бөлігі болып саналады.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл жобаны іске асыруға жұмылдырылған құрылысшылармен және жұмысшылармен кездесті. Әңгімелесу барысында ол «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан облыстың көлік инфрақұрылымын  жақсартып, инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін қажетті барлық жағдайлар жасала беретінін айтты.

Жол-құрылыс кәсіпорындары өкілдері елдің инфрақұрылымдық жаңғыртылуына арналған мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылып жатқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді.

Бұл Орталық Азиядағы ең ұзын көпір өткелі болып саналады. Құрылыс барысында мердігерлік жұмыстарға өңірдің шағын және орта бизнес субъектілері тартылуда. 400-ден астам жұмыс орны ашылды. Көпір өткелін пайдалануға беру Павлодар қаласының жол-көше торабының жүгін жеңілдетіп, көлік-транзит ағынын оңтайландыруға септігін тигізеді.

 

 




Яндекс.Метрика