Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Б. Нұрымбетов: Біз еңбекақысы тұрақты, сапалы жұмыспен қамтуға баса назар аударамыз

Біз еңбекақысы тұрақты, сапалы жұмыспен қамтуға баса назар аударамыз. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру мен халықты жұмыспен қамту» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 17:51

«Әлемнің барлық елдерінде халықты жұмыспен қамту – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының басты басымдығы болып табылады. Қазақстанда «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» бағдарламасы және халықты жұмыспен қамтудың аймақтық кешенді жоспарлары жүзеге асырылуда. Әлемдік экономикада орын алған жағдайға байланысты және қызметкерлерді жұмыстан босату қаупіне қарамастан, мемлекет қабылдап отырған шаралар жұмыссыздық көрсеткішін 5%-дық көрсеткіште ұстап отыруға мүмкіндік беруде. Қазір біз еңбекақысы тұрақты, сапалы жұмыспен қамтуға баса назар аударып отырмыз», - деді Біржан Нұрымбетов.

Вице-министр ағымдағы жылғы 8 айда «ЖЖК 2020» бағдарламасын іске асыру аясында 111,9 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқанын мәлімдеді.

Оның ішінде жұмыссыздар 74,4 мың адам (66,5 %), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 36,2 мың адам (32,4 %) және 1 258 адам (1,2%) ішінара жалдамалы жұмыскерлер болып табылады. Сонымен қатар, 29 жасқа дейінгі жастардың үлесі 47,4 % болса, әйелдер 45,1 пайызды құрайды.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика