EXPO-2017

Түркия ЭКСПО-2017-дегі өз павильонының тұжырымдамасымен жұмыс жасауда

Астанада «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтің Түрік Республикасының экономика министрі, Түркия Ұлттық секциясының комиссары Тарык Сонмезбен кездесуі өтті, деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 19:24

Кездесу барысында Ахметжан Есімов Көрмеге дайындық бойынша жұмыс туралы түрік делегациясын хабардар етті. Ол бүгінгі күні 103 ел мен 17 халықаралық ұйым өз қатысуын растағандығын және қазанда қатысушы елдер одан арғы жұмыс үшін өз павильондарын алуына болатындығын атап өтті.    

Өз кезегінде Тарык Сонмез Түркияның Ұлттық павильонының тақырыптық тұжырымдамасымен жұмыс туралы хабардар етіп, оның жуырда ұсынылатындығын растады.

Сондай-ақ кездесуге қатысушылар павильонды дайындау бойынша техникалық мәселелерді талқылады.

 




Яндекс.Метрика