Өңірлер

Қазақ мұнай және газ институтынан жекешелендіру аясында 7,5 млрд теңге түсім келді

Қазақ мұнай және газ институтынан жекешелендіру аясында 7,5 млрд теңге түсім келді, деді ОКҚ-да «Ақпараттық-оқыту орталығы» АҚ басқарма төрағасы Жанасыл Оспанов.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 17:09

«Қазақ мұнай және газ институтының  электрондық сауда алаңында сатылған ең қымбат нысан 7,540 млрд теңгені құрады.  Ең көп  сатылған нысандар Көліктік қызмет  көрсету  орталығына тиесілі, аукцион барысында  қатысушылар  бағаны көтерудің 102 қадамын жүзеге асырды.  Саудалауға қатысқандардың саны  2007 жылғы Toyota Camry автокөлігін сату барысында артты.  Оған  401 адам қатысты», - деді Ж.Оспанов.

Ол атап өткендей, құнды қағаздар мен  нысандарды сату барысында мұндай  ажиотаж байқалмады.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика