Басқару

Қазақстанда жарты жылда 3 млн электрондық шот-фактура жазып берілді

Қазақстанда 2016 жылдың жарты жылында 3 млн электрондық шот-фактура берілді. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин Парламент Сенатында ҚР Қаржы министрінің салық және кедендік әкімшілендіру мәселелері жөнінде депутаттармен кездесу барысында айтты.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 17:06

«2014 жылы электрондық шот-фактура негізінде ақпараттық жүйе іске қосылды.  Біз көріп отырғандай, болашақ шот-фактураларға  тиесілі, демек барлығы электрондық түрде жүзеге  асады», - деді ол.

Оның айтуынша,  2014 жылы  116 мың электрондық шот-фактура жазылып берді. 2015 жылы  80 мың, ал биылғы жарты жылда  3 млн электрондық  шот-фактура жасзылды», - деді ол.

«1 маусымдағы  электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде  47 мың қолданушы тіркелді,  оның ЖК- 10 мың,  заңды тұлға – 16 мың және физикалық тұлғаларға 20 мың шот-фактура берілді.

Осылайша, біз электрондық шот-фактура беретін  бақылау  жүйесін құруды  жоспарлап отырмыз.

Д.Ерғожиннің айтуынша, әрбір кезеңде  бақылаудың бірыңғай жүйесін жүзеге асыратын  ақпараттық жүйе болады.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика