Басқару

Қазақстанда тіркелмеген кен орындарын спутниктің көмегімен анықтай бастады

Қазақстанда спутниктерді қолданумен пилоттық бағдарламаны іске қосты, оның көмегімен тіркелмеген және келісім шарты жоқ кен орындарды анықтауға болады , деп ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин айтты.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 16:48

«Қазір біз спутниктерді пайдаланумен жаңа пилоттық  бағдарламаны іске қостық. Бүгін оның бірінші кезеңін аяқтадық. Біз Астанаға жақын жатқан жерлерді суретке түсірдік. Спутниктік технологиялар тіркелмеген және келісім шарты жоқ кен орындарды анықтауға көмектеседі»,-деді ол.

Д. Ерғожиннің айтуы бойынша, тек бір Целиноград ауданында осындай 19 кен орындары анықталған. Ол жерде жер қойнауын пайдалануға келісім шарт жоқ. 

«Бұл ақпараттық технологиялардың пайдаланылуы. Осы жерде барлығы анықталады: қайда бару керек, не істеу керек және нені анықтау керектігі. Бұл тек 1 аудан. Қазір біз Батыс және Орталық Қазақстанды заңсыз түрде мұнай мен олардың өнімдерін құю бойынша жұмысты жасайтын боламыз. Менің ойымша, Целиноград ауданындағы 19 кен орындары облыс табысын арттырады. Өйткені олар ПҚӨС, салық төлеуі керек. Оның барлығы жергілікті бюджетке баратын болады»,-деп толықтырды ол.




Яндекс.Метрика