Қазақстанның Тәуелсіздігі

Ж. Асанов: Тәуелсіздік - басты құндылығымыз

Ақтөбе облысының жұртшылығымен болған кездесуде Бас Прокурор бірнеше маңызды мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, Ж.Асанов тәуелсіздік алуымызды, шекарамыздың бекітілуін және Астананың салынуын ел тарихындағы ең елелулі оқиғалар ретінде атап көрсетті. Сондай-ақ ол қолда бар тәуелсіздігіміздің қадірін түсініп, бағалай білуге шақырды.
Ақтөбе29 Қыркүйек , 18:42

«Биыл тәуелсіздігімізге 25 жыл. Бұл мемлекет тарихы үшін түк те емес. Дегенмен, осы қысқа мерзімде біз айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Біздің басты құндылығымыз – тәуелсіздік. Жер бетінде 6 мыңнан астам ұлт бар екен. Солардың 3-ақ пайызы ғана өзін бақытты деп санайды. Неге? Өйткені, сол екі жүз мемлекеттің тілі бар, жері бар, тәуелсіздігі бар. Шүкір, бұл тізімде біз де бармыз. Оған қоса 130-дан астам ұлт пен ұлысты айрандай ұйытып отырмыз. Бірлігімізге талай елдер қызығып та, қызғанып та жүр», - деді Бас прокурор.

Сосын БҰҰ тіркеген шекарамыз бар. Шекара деген тәуелсіздіктің басты белгісі. Шекара дауы тіпті соғысқа да айналып кетуі мүмкін. Осы үлкен мәселе қалай шешілді? Елбасының биік абыройы, беделі, дипломатиялық шеберлігінің арқасында. ТМД-да шекара мәселесін бүгінгі күні толық шешкен үш-ақ мемлекет болса, соның бірі Қазақстан.

«Сондай-ақ, жаңа Астана салынды. Қаншама қиын жағдайға қарамастан, ел тағдыры үшін Президент Астананы көшіру туралы батыл қадамға барды. Қазір әлемдегі ірі қалалармен Астананың терезесі тең. Осы деңгейге жетеміз деп 25 жыл бұрын кім ойлады?, - деді Ж.Асанов.

«Сондай-ақ Бас Прокурор қолда барды бағалау қажет екенін жеткізді. «Аспанымыз ашық, еліміз бейбіт, жеріміз тыныш. Қолдағы алтынымыз осы. Осының қадірін түсінейік. Тәуелсіздігімізді бағалай білейік», - деді ол.

 




Яндекс.Метрика