Өңірлер

Э.Өтепов: Жамбыл мен Ақтөбе облыстары 2014-2016 жылдары жекешелендірілген нысандар бойынша көш бастап тұр

Жамбыл мен Ақтөбе облыстары 2014-2016 жылдары жекешелендірілген нысандар бойынша көш бастап тұр. Бұл туралы ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде «Жекешелендірудің екінші» толқынының» барысы туралы» атты тақырыпқа арналған баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы Эдуард Өтепов мәлімдеді.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 16:19

«Қатыспай қалған бірде-бір аймақ жоқ.Ең белсенді сатып алушылар Алматы және Қостанай облыстарынан болды. Егер сатылым туралы айтатын болсақ,  Жамбыл мен Ақтөбе облыстарында коммуналдық нысан сатылды», - деді Э.Өтепов.

«Республикалық меншік бойынша 2014 жылдың маусымнан 2016 жылдың қыркүйекке дейінгі кезеңде сатуға 27 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 28 қыркүйектегі жағдайы бойынша сауда-саттыққа 27 объекті шығарылды, оның ішінде 19 объекті сатылды», - деді Э.Өтепов.

Оның айтуынша, коммуналдық меншік бойынша 2014 жылдың маусымнан 2016 жылдың қыркүйекке дейінгі кезеңде 273 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 28 қыркүйектегі жағдай бойынша 254 объекті саудаға шығарылды, оның ішінде 157 объекті сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 жылдың маусымнан 2016 жылдың қыркүйекке дейінгі кезеңде 105 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 104 объекті сатуға қойылды, оның 81-і сатылды.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика